XII Қысқы Паралимпиада ойындары 2018

Қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылы 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореядағы Пхенчхан қаласында өтеді. Оған әлемнің сексен елінен 5000 спортшы мен ресми өкіл қатыспақ. 

Қазақстан құрамасының 57 олимпиадалық жолдамасы бар: биатлоннан – 10, фристайлдан – 9, мәнерлеп сырғанаудан – 3, шорт-тректен – 7, шаңғы жарысынан – 7, конькиден – 6, тау шаңғысынан – 2, шана спорты мен трамплиннен – 2.

2018 жылғы Пхенчхан қысқы Олимпиада ойындарының алауы Грекияда жағылды.

Грекияда өткен апта жағылған 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының жалауы организациясын жасайтын Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласына қарай шеруге бастау мақсатымен лауазымдарға табыс етілді.

Олимпиада ойындары алауын жағу шарасы жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де Грекия ежелгі Олимпиада стадионында өткізілді.

Салтанатты шараға Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Томас Бах, Грекия Олимпиада комитетінің төрағасы және Корея Республикасының премьер-министрі Ли Нагён қатысты. Грекияда өткен дәстүрлі шаралардан соң Олимпиадалық ойынның эстафетасы аталған аймақта 31 қазанға дейін жалғасты.

Алғашқы алаугер грекиялық шаңғымен сырғанаушы Апостолос Ангелис.

Олимпиада алауының Корея Республикасындағы алғашқы эстафетасы Инчхон қаласында 1 қараша күні басталатды. Алауды алғашқы болып даңқты футболшы Пак Чи Сон алып жүреді деп жоспарланған.

 

Сілтемелер