ДЕНИС ТЕННІҢ МЕЗГІЛСІЗ ҚАЙТЫС БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

20/07/2018

«Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» ұжымы мәнерлеп сырғанаушы, Сочи-2014 Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Өмірбаяны. 

Тен Денис Юрий ұлы 1993 жылдың 13 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген. Кореядағы атақты Мин Гин Хо әулетінің ұрпағы. 6 жасынан бері мәнерлеп сырғанаумен айналысады.  Ол мәнерлеп сырғанаумен қатар теннис, суда жүзу, акробатика, тхеквандо, каратэ және бимен айналысқанды ұнататын. 

Жетістіктері: 

2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері (Ресей);

2013 жылы Лондонда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Канада);

2015 жылы Шанхайда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Қытай)

2017 жылы Алматыда өткен Универсиада жеңімпазы (Қазақстан);

2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өткен Азия ойындарының жеңімпазы (Қазақстан).

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер