Ақтөбе қаласында есту қабілеті төмен жандар арасындағы Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

13/08/2018

Бүгін 13 тамыз күні Ақтөбе қаласында есту қабілеті төмен жандар арасында Қазақстан Ресупбликасы Спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.  Аталған жарыста спорттың 10 түрінен 111 медаль сарапқа салынбақ. Ел сурдоспортының даму көрсеткіші болатын бұл жарыста төмендегі спорт түрлері бойынша спортшыларымыз сынға түседі: жүзу, жеңіл атлетика, шахмат, үстел теннисі, еркін күрес, грек-рим күресі, шағын футбол, бадминтон, дзюдо, қол күресі.Жарыстың ашылу салтанатында "Ұлттық штаттық командала және спорт резерві дирекциясы" директорының орынбасары Крючков Алексей Михйлович сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ойындар 18  тамызға дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер