Құттықтаймыз!

15/08/2018

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедилұлы спорт саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты құттықтау шарасын өткізді.  Еліміздің спорт және дене шынықтыру саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Дзюдодан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы, «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» қызметкері – Қоныспаев Жандос Абумуталифұлы Құрмет Грамотасымен марапатталды. Әріптесімізді марапатымен құттықтап, қызметте мол табыстар тілейміз.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер