Шахматшыларымыз Олимпиаданы жеңіспен бастады

24/09/2018

Грузияның Батуми қаласында шахматтан ерлер мен әйелдер арасындағы 43-і олимпиада өтуде. Еліміздің намысын қорғайтындар  Ринат Жұмабаев (2605 ұпайы ), Ануар Исмагамбетов (2538) , Муртас Қажыгалиев (2582), Петр Костенко (2459), Денис Махнев (2449). Әйелдер арасында  Қазақстан атынан Динара Садвакасова (2474 ұпайы), Жансая Әбдумәлік (2482), Гүлісхан Нахбаева (2394), Гульмира Даулетова (2263), Әсел Серікбай (2125) сынға түспек.

Жарыстың алғашқы күні ерлер мен әйелдер құрамасы қарсыластарынан басым түсті.  Ерлеріміз 4-0 есебімен Пуэрто- Рикалықтарды шаң қаптырса, өз кезегінде әйелдер құрамасы Сингапурды 3,5-0,5 ұпайымен ұтты. Олимпиаданың екінші күні ерлер құрамасы Армения, ал әйелдер құрамасы Перудің шахматшыларымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер