III Пара Азия ойындарына ел құрамасын шығарып салу рәсімі өтті
Бүгін Алматыдағы Б. Шолақ атындағы спорт сарайында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін III Пара Азия ойындарына ел құрамасын шығарып салу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға спортшылар, жаттықтырушылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Мәдениет және спорт министірлігінің, Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерғалиев Самат, орынбасары Крючков Алексей және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Әнапин Айдын споршыларымызға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Самат Серікханұлы өз сөзінде өзге елде ел намысын қорғауда бір жұдырықтай жұмыла жұмыс жасау керектігін атап өтті. Сондай-ақ қазіргі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалғанын, оған дәлел Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев пен мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен ашылған паралимпиадалық жаттығу орталығы екенін еске салды.
Шара соңында Джакартадағы III пара ойындарының ашылу рәсімінде алып жүру үшін мемлекеттік ту пара Азия ойындарының бірнеше дүркін чемпионы Ануар Ахметовке табысталды.
Байрақты бәсекеде басты үміт артатын спортшылар – Зульфия Габидуллина, Раушан Қойшыбаева, Ануар Ахметов, Ануар Сариев. Дегенмен де пара Азия ойындары өзге де жас спортшыларымыздың өздерін танытуына таптырпас мүмкіндік болмақ.
III Пара Азия ойындарының жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері 1 орын- 10.000, 2 орын-5000, ал 3 орын – 3000 АҚШ долларын құрайды.
-
Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды 30/01/2019
Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды
-
Допты хоккейден ел құрамасы Әлем біріншілігіне аттанады 18/01/2019
Допты хоккейден ел құрамасы Әлем біріншілігіне аттанады
-
Шахмат: Жастар мен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті 17/01/2019
Шахмат: Жастар мен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті