III Пара Азия ойындарының ашылу рәсімі өтті

08/10/2018

III Пара Азия ойындарының ашылу рәсімі Индонезияның Джакарта қаласындағы «Gelora Bung Karno»  стадионында  өтті. Салтанатты шарада көк байрағымызды жүзуден Пара Азия ойындарының бес дүркін чемпионы Әнуар Ахметов алып жүрді. Джакартада өтетін пара ойындарға 43 мемлекеттен 3000 нан астам спортшы қатысуда. Аталмыш додада Қазақстан намысын 91 спортшы спорттың 9 түрінен қорғамақ. Байрақты бәсекені «QAZSPORT»  телеарнасында тікелей эфир және жарыс күнделіктерінен тамашалай аласыздар.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер