Джиу-джитсудан Қазақстан жастар құрамасы Әлем чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

06/03/2018

1-5 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында Джиу-джитсудан жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Аталмыш додада ел намысын қорғаға қыз-жігіттеріміз 1 алтын, 4 күміс, 11 қола медальды жеңіп алды. 

Қазақстан құрамасының сапында 60 келіде сынға түскен Аслан Қанатбек Әлем чемпионы атанды. Бұл жас спортшының халықаралық додада екінші мәрте чемпион атануы. Былтырғы Әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанған болатын. 

Күміс жүлдеге: м Жандос Нұрмұханбетов (69 келі), Галина Дуванова (55 келі), Санат Сәрсенұлы (50 келі), Орынбек Қонысов (+94 келі) ие болды.  

Қазақстан қоржынына қола жұлдені: 
 Мади Құрманғожаев(56 келі) Подзывалов Илья(81 келі),  Рамазан Мырзатай(+94 келі),  Маржан Тоқтасын(+70 келі),  Айым Нұртілеу (57 келі), Бекжан Рысбек(46 келі),  СаматСәрсенұлы (50 келі),  Мугдан Джамалдинов(81 келі), Жеңіс Нұрлыбаев (56келі),  Нұрсейіт Ибиділлә (+94келі), Ділназ Аргенова (70 келі) ие болды. 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер