Владимир Валентинович Мудриченконың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтамыз

17/10/2018

«Спортты дамыту дирекциясы» және ҚР Желкенді спорт федерациясы Алматы облысы, Қапшағай қаласы бойынша желкенді спорттың жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Владимир Валентинович Мудриченконың өмірден өтуіне байланысты, жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Мудриченко Владимир Валентинович 1960- жылы қараша айының 16 –шы жұлдызында Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. 1978 -жылы Таганрог қаласында өткен желкенді спорттан КСРО ның  Кристалды кубогының жеңімпазы. Жастар арасында «Финн» класы бойынша жалпы одақтық регатасының бірнеше дүркін жүлдегері.  КСРО спорт шебері. Сонымен қатар, Владимир Валентинович Мудриченко – Ауған соғысының ардагері.  «Ерлігі үшін», «Әскери еңбегі үшін» меладьдарымен марапатталған. 2018 -жылы «Қапшағай қаласының құрметті азаматы» атағын алды. 1986- жылдан бастап, 2018 -жылға дейін Алматы облысы Қапшағай қаласында желкенді спорттың бас жаттықтырушы  қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер