Киокушинкай-кан каратэдан ҚР чемпионаты аяқталды.

12/10/2018

   12 қазанда Қазақстан Республикасының киокушинкай-кан каратэдан чемпионаты аяқталды. Тарихы терең Тараз қаласында өткен чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300 ден аса спортшы жиналды. Сайыс кумитэ және ката ережелері бойынша өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатына ҚР мәдениет және спорт министірлігі  спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Құстүтінұлы, киокушинкай-кан каратэ ұлттық федерациясының перзиденті Оксикбаев Омархан Нуртайұлы қатысты. Сондай-ақ ККҰРФ бірінші вице-президенті Молдағали Алимжан Қайратұлына бесінші дан, Ақмола облысының нұсқаушысы Юн Федорға үшінші дан, ККҰРФ Қызылорда облысындағы филиалы Мұханов Бауыржанға 3 дан қара белбеулері берілді.         

   Споршылардан Ұзақбай Нарқыз, Садвакасова Нұрлыхан және Жанибек Темірланға «Халықарылық сыныптағы спорт шебері» атағы мен төс белгілер табысталды. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте жүлделі бірінші орынды елордалықтар жеңіп алды. Екінші орынға Қарағанды жайғасса, үшінші орынға-Ақмола облысы табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер