Кэкушинкай каратэ: Спортшыларымыз Еуропаның XI ашық чемпионатының жеңімпазы

16/10/2018

6-7 қазан  аралығында Швецияның Гетеборг қаласында кекушинкай каратэдан Еуропаның XI ашық чемпионаты өтті. Еліміздің намысын Кекушинкай каратэ ұйымы ұлттық құрамасының каратэшілері қорғады. Екі күнге созылған тартысты бәсекеде споршыларымыздың асығы алшысынан түсті. Ерлер арасында болған сайыста Тимур Райымбеков- 1 орын, Толыбай Асылбек (70 кг дейін) 2 орын, Гриневцкий Владимир 3 орынды иеленді. Әйелдер арасында отандастарымыз Абулханова Кұнсұлу (65 кг жоғары) мен Бутенко Людмила қоржынымызға қос алтынды салса, Сүйіндікова Анар (65 кг дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

16-17 жас аралындағы жасөспірімдер арасында 1-орынды Здвижков  Александр (60 кг дейін),  Опалев Илья (70 кг жоғары) иелендсе, Сұлтанбеков Азамат (60 кг дейін), Жұмаханов Дінмұхамед (70 кг дейін) 2- орынды жеңіп алды. Жүлделі 3-орынға Кенжатай Бауыржан (60 кг дейін) тұрақтады. Қыздар арасында 65 кг жоғары салмақ дәрежесінде Алпамысқызы Камила күміс жүлдені еншіледі.

Ката бойынша 1-орын Балтабай Думан, 2- орын Сексенбаев Қанат, 3-орын Қасабаева Санияға бұйырса, Тұрдыбаева Гүлнар, Мұқанова Сания және Мұратбек Боспанов 4-орынға жайғасты.

Осылайша 16 елден 253 спортшы қатысқан додада, спортшыларымыз жалпы командалық есепте қарсыластарын шаң қаптырып, бірінші орынды иеленді. Күміс жүлдені  Швеция алса, Ресейліктер үшінші орынға табан тіреді. 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер