Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ұлықтау рәсімі өтті

02/11/2018

   Бүгін Паралимпиада орталығында Индонезияның Джакарта қаласында өткен III Пара Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін ұлықтау шарасы өтті. Биылғы жылы елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен ашылған орталықта спортшыларға құрмет көрсетілді. Спортшыларды ұлықтау рәсіміне Мәдениет және спорт министірі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің перзиденті Қайрат Боранбаев қатысты. Спортшылар атынан Азия пара ойындарының жүзу спорты бойынша жеңімпаздары Ержан Салимгереев, Габидуллина Зульфия және пауэрлифтингтен күміс жүлде иегері Қойшыбаева Раушан ыстық ықыластарын білдірді.

   Арыстанбек Мұхамедиұлы спортшыларды құттықтап, көрсеткен өнерлері мен ел қоржынына салған жүлделері үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Қайрат Боранбаев жеңімпаздардың жеткен жетістігіне бапкерлерінің қосқан үлесінің орасан зор екендігін атап өтіп, алғысын айтты. Сонымен қатар Қайрат Советайұлы Паралимпиадалық спорттың дамуына бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының маңыздылығын еске сады. III Азия пара ойындарының жеңімпаздарымен жүлдегерлерінің бәрі ақшалай сертификаттармен марапатталды.

    Естеріңізге сала кетсек, 6 -13 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында III Азия Пара ойындары өтті. Байрақты бәсекеге 43 мемлекеттен 3000 нан астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының сапында 90 спортшы спорттың 9 түрі бойынша сынға түсті. Спортшыларымыз пара жүзу, пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, отырып ойнайтын волейбол, және шахмат сияқты барлығы  спорттың 6 түрі бойынша 33 медальді қанжығаларына бойлады.  Сондай-ақ ел құрамасы отырып ойнайтын волейболдан бірінші рет жүлдегер атанып, қола медальді жеңіп алды.

   Қазақстанның спорт тарихында  пара Азия ойындары тұңғыш рет   «QAZSPORT» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Қазақстан құрамасы:

·  Жүзу- 20 медаль (5 алтын, 9 күміс, 6 қола)

·  Пауэрлифтинг- 5 медаль (3 күміс, 2 қола)

·  Дзюдо- 3 медаль (1күміс, 2 қола

·  Жеңіл атлетика -3 медаль (1 күміс, 2 қола)

·  Шахмат- 1 қола медаль

·  Отырып ойнайтын волейбол- 1 қола жүлде (12 адам)

Қорыта келгенде споршыларымыз ел мерейін өсіріп, 5 алтын, 15 күміс, 13 қола жүлдемен жалпы командалық есепте 13- орынға табан тіреді. 90 спортшының ішінде 40-ы жүлдемен оралды (44,4%).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге берілетін сыйақы мөлшерлемесі 1-орын-10.000$, 2-орын иегерлері үшін- 5.000$, 3-орын жүлдегерлеріне-3.000$ құрайды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер