Каратэ-до кекушинкай KWF- тан екінші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті

05/11/2018

    3-4 қараша аралығында елордадағы  «Дәулет» спорт кешенінде Каратэ-до кекушинкай KWF- тан екінші әлем чемпионаты және жастар мен жасөспірімдер арасында әлемдік Гран-при турнирі өтті.

   Айтулы шараның салтанатты ашылу рәсімі қарашаның 4-і күні орын алды. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Жарасбаев Серік Маратұлы, киокушинкай KWF бүкіләлемдік ұйымының президенті Антонио Пинейро, Киокусинкай KWF  бүкіләлемдік ұйымының бас хатшысы Анджей Древняк, ҚР киокушинкай федерациясының  Президенті Джулдасов Мухтар Асанұлы және Астана қаласы мәслихат депутаты, «Эдем» ЖШС бас директоры, Астана қалалық кекішинкай каратэ-до федерациясының президенті Манжанова Ирина Рихардовна қатысты.

    Дүбірлі додада 26  елден 28 команда, 900 ге жуық спортшы бақ сынасты. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы көш бастап, жалпы командалық есепте жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Спортшыларымыз Ресей және Жапония каратэшілерін ойсырата жеңіп, қоржынымызға 19 алтын салды. Екінші орынды 10 алтынмен көршілес Ресей  мемлекеті иеленсе, жүлделі үшінші орынға 7 алтынмен күн шығыс елінің спортшылары тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер