Черлидинг:KAZAKHSTAN OPEN 2018 ашық турнирі өтті

06/11/2018

    3-4 қараша күндері Астана қаласы «Бейбітшілік  және келсім» сарайында черлидинг және чир спортынан Қазақстан Республикасының ресми чемпионаты және Халықаралық  KAZAKHSTAN OPEN 2018 ашық турнирі өтті.  Турнирге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларус мемлекетінен 400 ден аса спортшы қатысты. Жарысқа қатысушылардың өнерін  ICU (International Cheer Union / Чир спортының халықаралық одағы) дәрежесіндегі  Халықарлық төрешілер бағалады.«Черлидинг және Чир спорттан Қазақстан одағы» федерациясы ұйымдастырған бәсекеде Қазақстан атынан Астана, Алматы қалалары Солтүстік Қазақстан , Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облысының командалары қатысты.

    Черлидинг және Чир Спорт жас әрі қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі.  Ресми халықарлық федерациясы  ICU (International Cheer Union / Чир спортының халықаралық одағы). ҚР Мәдениет және спорт министірлігі спорт және дене шынықтыру комитетінде ресми түрде акредитациядан өтіп,2016 жылы ICU Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі болып бекітілді.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер