Қазақстандық қол күрес шеберлері Түркиядан жүлдемен оралды

07/11/2018

     12-21 қазан аралығында Түркияның Анталия қаласында қол күрестен әлем чемпионаты өтті. Жарыста әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 1300-ге тарта спортшы бәсекеге түсті. Қазақстан құрамасы 7 алтын, 6 күміс, 8 қола жүлдені жеңіп алып, командалық есепте  екінші орынды иеленді. Білектің күшімен қарсыластарын ойсырата жеңіп, алтыннан алқа таққан спортшылар қатарында Басаров Ораз, Мұратов Әлижан, Айдархан Нұрдәулет, Дзеранов Георгий, Маликайдар Ляззат, Лисянская Антанина, Абсаттар Дәурен бар.

     Жастар мен жасөспірімдер арасындаға сында команда мүшлері 20 алтын, 16 күміс, 8 қола жүлдемен топ жарды. Қол күрес шеберлерінің додасында ең үздік нәтижелер көрсеткен Қазақстан құрамасы жастар арасында жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.

     Осылайша қазақ спортшылары түрік жерінде өздерінің алыптар мен батырлардың ұрпағы екенін тағы бір дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер