Пауэрлифтинг: Ануар Улан Әлем чемпионатының қола жүлде иегері

08/11/2018

 

 

    Швецияның Халмштад қаласында4-қараша күні жалауын көтерген пауэрлифтингтенӘлем чемпионаты жалғасуда. Ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан сайысқа 30 мемлекеттен 200 ауыр атлетші қатысуда.

Байрақты бәсекеде ел намысын Ануар Улан қорғады.  83 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз жүлделі 3-орынды жеңіп алды. 902,5 кг зіл темірді бағындырған Ануар бірінші-екінші орындар үшін болған бәсекеде Ураиндық қос спортшыға есе жіберді. Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласының тумасы қазіргі таңда Шымкент құрамасының сапында өнер көрсетеді.

    Естеріңізге сала кетсек, Ануар Улан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2017 жылы Минск қаласында (Украина)өткен классикалық пауэрлифтингтен 1-орынды иеленген. Спортшымыз үш сайыс қортындысы бойынша 795 кг –ны еңсеріп, әлем чемпионы атанған болатын.

    Айта кетейік Швецияда өтіп жатқан дүбірлі дода 10 қарашаға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер