Жауынгерлік самбодан ел құрамасы әлем чемпионатында үшінші орынды иеленді

13/11/2018

 

     8-12 қараша аралығында Румынияның Бухарест қаласында жауынгерлік самбодан және самбодан ерлер мен әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Самбоның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа 80 нен астам елдің спортшылары қатысты.

     Дүбірлі додада ел құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жақындары мен «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК ұжымы халықаралық Назарабаев әуежайынан гүл шоқтарымен күтіп алды.

     Байрақты бәсекеде 68 кг. дейінгі салмақ дәрежесінде белдесуде жерлесіміз Нұрбол Серіков қарсылас шақ келтірмеді. Финалдық кездесуде әзірбайжандық Эмиль Гасановты жеңіп, алтынан алқа тақты. Тағы бір алтын жүлденің иегері - Темірлан Ихсанғалиев. 82 кг салмақта сынға түскен Темірлан бірінші орын иеленіп, әлем чемпионы атанды.

     Өз кезегінде Нұркелді Қиялбеков жартылай финалда жарақат алып, ақтық белдесуге шыға алмады. 68 келіде белдескен балуанымыз «күмісті» қанағат етті.  Нұркен Домбаев (52 кг), Серікжан Түсіпов (58 кг) және қыздар арасында  Гүлнұр Ерболова (52 кг) боз кілем төріне шығып, әлем чемпионатының қола жүлде иегерлері атанды.

     Командалық есепте жауынгерлік самбодан ел құрамасы үшінші орынды иеленді. Бірінші орын Ресей мемлекеті. Жүлделі екінші орында-Ураина.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер