Жансая Әбдумәлік Әлем чемпионатының екі айналымынан кейін 1:1 есебімен тең ойын ойнайды

14/11/2018

Сайыстың бірінші кезеңі бойынша Жансая мен Мария  ойынында отандасымыз қарсыласын 1:0 есебімен ұтты. Ал екінші кезеңде 0:1 мен есе жіберді. Енді жартылай финал «тағдыры» ертеңгі тай-брейкте шешілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек бұған дейінгі ойындарда шахматшы қыздарымыз Динара Садвакасова Болгария елінен Антуанетте Стефановадан ұтылса, өз кезегінде Гульсхан Нахбаева ресейлік Алисия Галямовадан ойынның бірінші кезеңінде ұтылды.

Ал осыған дейінгі ойындарда Жансая Әбдумәлік Үндістан шахматшысын ұтып, қытайлық Жао Ксюеден (3-1) және поляк қызы Йоланта Завадскадан (2.5-1.5) басым түскен еді.

Шахматтан 2018 жылғы Әлем чемпионаты Ресейдің Ханты Мансийск қаласында өтуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры 450 мың долларды құрайды.  Жартылай финалға жолдама алған барлық қатысушылар келер жылы  әлем чемионы атағы үшін ойнайтын болады. Қазіргі таңда әлем чемпионы титулы қытайлық Вей Ценьзуньге тиесілі.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер