Латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант жазу ұйымдастырылды

16/11/2018

 

Бүгін елімізде тұңғыш рет латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант жазу ұйымдастырылды.

Елорда тұрғындары, барлық жоғарғы және орта  арнаулы оқу орындары, сонымен қатар мәдениет, спорт, медицина, коммуналдық шаруашылық, энергетика және басқа да салалардың қызметкерлері жаппай диктант жазды.

Бас қаламыздың «Ұлттық ғылыми кітапхана» залында өткен шараға ҚР мәдениет және спорт министірі Арыстанбек Мұхамедиұлы және елге белгілі зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сонымен қатар латын әліпбиінде алғашқылардың бірі болып дикатн жазғандар қатарында Конькимен жүгіру спортының ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Кенжеш Сәрсекенова мен тоғызқұмалақтан Қазақстан құрама командасының басшысы Серік Ахтаев бар.

«Рухани жаңғыру» тақырыбында жазылған диктант көлемі 80-90 сөзден тұрды. Диктант ұзақтығы 30 минутқа созылды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер