Акробаттарымыз Әлем кубогының қола жүлдесін иеленді

20/11/2018

 

15-19 қараша аралығында  Әзербайжан астанасы Бакуде спорттық акробатикадан Әлем кубогы өтті. Байрақты бәсекеде жеті мемлекет спортшылары бақ сынасты. Олардың ішінде Беларусь, Әзербайжан, Израиль, Қазақстан, Үндістан, Ресей мен Украина бар. 

Акробаттар сайыстың он түрі  бойынша сынға түсті. Ерлер арасындағы қалыпты және қарқынды жаттығулар, жекелей қыздар мен аралас жұптар, және де ерлер мен қыздар арсындағы топтық сайыстар жарыстың көркін қыздыра түсті.

Қазақстан құрамасы атынан төрт спортшы өнер көрсетті. Ерлер арасында Даниэль Диль мен Вадим Шуляр жұбы көрерменді ептілігімен тәнті етіп, үшінші орын иегері атанды.  Жүлделі бірнші орын Ресей  елінің акробаттары Тимофей Иванов пен Максим Карааевқа бұйырды. Күміс жүлде үй қожайындарының еншісінде. Әзербайжандық Сеймур Джафаров мен Мурад Акпаров екінші орынға лайықты деп танылды.

Бакуде өткен жарыста жүлде қатары қоламен шектеліп қалған жоқ. Отандастарымыз Никита Амоскин мен Анастасия Долганюк әртістік шеберліктері үшін қазылардың жоғары ұпайына қол жеткізді. Осылайша ел намысын қорғаған төрт акробытымыз да елге олжалы оралды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер