Жауынгерлік өнер ассоциациясы құрылды

27/11/2018

26 қараша күні елордамыдағы Rixos қонақүйінде өткен отырыс барысында Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша аккредитациядан өткен спорттық Федерациялар жаңадан құрылған жауынгерлік өнер ассоциациясының қарамағында болатыны шешілді.  
Шараға аккредитациядан өткен спорт түрінің 20 өкілі қатысты. Жиынға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы төрағалық етті.  Отырыс барысында президент сайлауынан бөлек, спорттық ұйымның басқарушы мүшелері тағайындалды. Бірінші вице-президент лауазымына Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы тағайындалы, ал бас хатшы - Аманқұлов Фархат Әменұлы.  Жауынгерлік өнер ассоциациясының вице-президенттері қатарында Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы, Жошыбаев Рапиль Сейітқанұлы, Найзабеков Тәжімұрат Толыбайұлы және Жарасбаев Серік Маратұлы бар. 
Ассоциация төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: каратэ, күрес, барлық дене мүшелерімен айқасуға рұқсат етілген спорт түрлері, ММА аралас жекпе-жектері. 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер