Шахматтан республикалық блиц-турнир өтті

28/11/2018

Бүгін EXPO конгресс-орталығында шахматтан «Шахмат-менің қалауым» республикалық блиц туринирі және бір мезгілді шахмат сеансынан ойын өтті.

Шараның  салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Жарасбаев Серік Маратұлы, Қазақстан шаxмат федерациясының вице-президенті Абишев Жандос Жантөреұлы, Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерғалиев Самат Серікханұлы мен шаxматтан әлем чемпионы, гроссмейстер Динара Садуақасова және басқа да жетекші спортшылар қатысаты. Серік Маратұлы шараның құрметті қонақтарына естелік сыйлықтар табыстап, Дианара Садуақасова өз кезегінде  жас шаxматшыларға сәттілік тіледі.

Сайысқа еліміздің әр өңірінен  20 команда, 100 ге жуық спортшы қатысты. 14 жасқа дейінгі жас шахматшылар арасында өткен турнир  7 кезеңнен тұрды. Блиц-турнир Халықаралық ФИДЕ шахматының ережелерімен швецариялық жүйе бойынша өткізілді.

Жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте  жүлделі бірінші орын Астаналық  «Шах и Мат» командасы иеленді. Екінші орын да елордалықтар еншісінде. Астана қаласының орталық шахмат клубы турнирдің күміс жүлдесін қанжығаларына байлады.  Ал үшінші орынды Шымкент қаласының командасы иеленді.  

 Сондай-ақ турнирдің ең жас қатысушылары Батырқожа Даниал мен (5 жас), Ли Адельге (7 жас) Серік Маратұлынның арнайы сыйлықтары табысталды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер