Латвияның Олайне қаласында тоғызқұмалақтан алғаш рет жарыс өтті

03/12/2018

 

30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында алғаш рет Балтық елдерінде қазақтың логикалық ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан, Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті  күніне арналған жарыс өтті. Жарысты
Қазақстан Республикасының Литвадағы және Латвиядағы Елшілігі, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы және Олайне қаласының әкімшілігі бірлесе отырып ұйымдастырды. 30 қарашада спорттық іс-шара аясында Олайне қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақ мәденетінің кеші және С. Ақтаевтан ойынды таныстыру өтті. 
Латвиялық қала тұрғындарына осы шаралар шеңберінде Қазақстанның табиғаты туралы фотокөрме мен ұлттық би көрсетіліп, қазақша дастархан мәзірі ұсынылды. 
Шараға қатысушылар, Қазақстан туралы викторинаға қатысып оның аясында Президент Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі мазмұнымен танысты. Осылайша, мәдени кештің аудиториясы жылқының қазіргі Қазақстан аумағында алғаш рет қолға үйретілгенін, сондай-ақ барлығымыздың сүйікті жемісіміз – алма мен қызғалдақтың әлемге Ұлы даладан тарағанын білді.
Латвиялық мектеп хоры қазақстандық тарапқа сыйлық ретінде «Дударай» ұлттық әнін орындап берді.
С. Ақтаев ойынның мың жылдық тарихы, онымен қатысты қызықты оқиғалар туралы айтып беріп, жеңіске жылдам жетудің стратегиясымен бөлісті.
Жарысқа 20 спортшы қатысты. Қызу интеллектуалды және стратегиялық ойын нәтижесі ересектер арасында: 1 орын - С. Ақтаев (Қазақстан), 2 оыр - D. Lipin (Латвия), 3 орын - D. Kozlov (Латвия). Ұлдар арасында: 1 орын - D. Lipin (Латвия), 2 орын - D. Kozlov, 3 орын - D. Ramiņš. Қыздар арасында: 1 орын - V. Chagina (Латвия), 2 орын - E. Chagina, 3 орын - M. Getmanyuk.
Елшілік пен Дүниежүзілік Федерацияның жоспарында осы жарысты жыл сайын өткізу жоспарлануда. Латвиядағы тоғызқұмалақ спорты бойынша секция Л. Азимова басшылығындағы «Логика» интелектуалды үстел ойындары клубының базасында құрылған.
 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер