Ушу: Арстан Уразов Азия чемпионатының қола жүлдегері
26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Қытай Халық Республикасының Нанькин қаласында дәстүрлі ушудан Азия чемпионаты өтті. Жарыстың алғашқы күні, Арстан Уразов ересектер арасындағы ушу - таолудан қола жүлдені иеленді. Бірінші орын Ганконг спортшыларының еншісінде. Ал жүлделі екініші орында Макао.
Сайыстың соңғы күні цзянь қаруы стилінде өнер көрсетуден Ақтөбелік Арстан Уразовтың асығы тағы бір мәрте алшысынан түсті. Жерлесіміз жарыстың бұл кезеңінде де қола жүлдені иеленіп, үздік үштік қатарына кірді. Көш басында Қытай, ал күміс жүлде Ганконг спортшыларында.
Сонымен қатар ел құрама сапында өнер көрсеткен Даулетжан Гали бесінші орынға тұрақтаса, Бабенко Алексей 9 орынға табан тіреді. Ал жастар мен жасөспірімдер арасында болған сында Орляк Анна 2 бірдей күміс жүлдені иеленсе, Орайло Данил 1 күміс жүдені ел қоржынына салды. Өз кезегінде Куспанова Диана қола жүлдені иеленді. Ересектер арсында ел намысын қорғап екі бірдей қола жүлдені еншілеген Арстан Уразовтың бапкерлері Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерғалиев Самат Серікханұлына алғысын білдірді.
-
Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды 30/01/2019
Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды
-
Допты хоккейден ел құрамасы Әлем біріншілігіне аттанады 18/01/2019
Допты хоккейден ел құрамасы Әлем біріншілігіне аттанады
-
Шахмат: Жастар мен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті 17/01/2019
Шахмат: Жастар мен жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті