Қоян-қолтық ұрыстан Р.Мұқановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

14/12/2018

 

11-13 желтоқсан аралығында Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтті. Әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері , полция майоры Руслан Мұқановты еске алуға арналған турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Жарысқа қарулы күштері бөлімшелері, облыстық федерациялар мен алыс-жақын шет елдерден14 команда қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Алматы қаласының командасы иеленді. Ал екінші орында Ақмола облысының жауынгерлері. Өз кезегінде Ақтөбе олысының командасы үшінші орынға табан тіреді.

Жарыс жеңімпаздары медальдар, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер