Допты хоккейден Әлем Чемпионаты өтеді

21/01/2019

 

Допты хоккейден ерлер арасындағы 39-шы Әлем чемпионаты 26 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Швецияның Венерсборг қаласында, «Венерсборг Арена» алаңында  өтеді.

Байрақты бәсекеге 20 команда қатысады деп күтілуде. Аталған Әлем біріншілігі үшін  бұл рекордтық көрсеткішті көрсетіп отыр. Сондай-ақ жарысқа осы жылы Ұлыбритания мен Швейцария тұңғыш рет қатысуда.

Жарыста А тобы екі кіші топта алдын ала ойын өткізеді. А кіші тобының алғашқы екі тобы тікелей жартылай финалға жолдама  алып, қалған екі топ В кіші тобының үздік қос командасымен кездеседі.

Сонымен қатар төрт кездесу: Швеция-Финяндия- Бохус қаласының Ale Arena, Финляндия-Қазақстан кездесуі Бурос қаласында, ал бесінші жетінші орындар үшін жарыс Тролльхеттан қаласында Слеттбергсхаллен стадионында өтеді.

2018 жылдың қыркүйек айында тағайындаған ұлттық құраманың бас бапкері ИН-ФА-ЛИН Сергей құрама мүшелерімен таныстырды:

Қақпашылар:

Ахметжанов Бержан (Акжайык)

Горчаков Вячеслав (Акжайык)

Қорғаушылар:

Мухит Болат (Акжайык)

Глухов Илья (Акжайык)

Кадиржанов Сұлтан  (Горняк)

Чебаков Павел (Акжайык)

Жартылайқорғаушылар:

Алипкалиев Еламан  (Акжайык)

Темиралин Куаныш  (Акжайык

Бектурган Азат (Акжайык)

Вшивков Артем (Сибсельмаш)

Грибанов Петр (Акжайык)

Амангелдиев Ершат (Акжайык) 

Аманшин Самат (Акжайык)

Шадрин Евгений (Байкал-Энергия)

Нугманов Искандер (Хёвик)

 Шабуылшылар:

Исалиев Рауан (Сибсельмаш)

Утебалиев Максим (Акжайык)

Гущин Андрей  (Акжайык)

 

Ойын кестесі:      26.01          20:00  Финляндия-Қазақстан

                            28.01          18:30  Ресей-Қазақстан

                            30.01          21:30  Қазақстан-Швеция (жергілікті уақыт бойынша)

А тобында: Ресей, Швеция, Финляндия, Қазақстан, Норвегия, АҚШ, Германия, Нидерланд.

     Естеріңізге сала кетсек 38-ші Әлем чемпионаты Ресейдің Хабаровск, Харбин қалаларында өткен болатын. Дүбірлі додадның ақтық сынында Ресей мен Швеция  арасында болған кездесуде 5:4 есебімен Ресей спортшылары бірінші орынды иеленді. Ал Фин құрамасы аталған чемпионаттын қола жүлдемен қайтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер