ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

Министрліктің жаңалықтары 01/02/2019

 

 23 қаңтар күні Астана қаласындағы «Нұр Әлем» павильонында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атауымен Жастар жылының салтанатты ашылуы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен болатын. Жиынға 34 жасқа дейінгі маркетинг, агроөнеркәсіп, инновация, технология, білім беру, ІТ, металлургия, энергетика, спорт, шетелдегі қазақтар, әдебиет, өнертапқыштар, көп балалы ана, мәдениет және т.б. салаларында орасан жетістіктерге жеткен жастар аталмыш жиынға қатысып, өздерінің ұсыныстары мен жеке пікірлерін барша қазақстандықтарға жеткізе отырып, жалынды жастарды бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Осындай ұрандатылған жиыннан соң редакциямызға хабарласқан жастардың қатары көп болды. Көбісі сол жиынды теледидар арқылы тамашалағанын айтып, өзінше демеулерін білдірткен. Солардың қатарында Мәдениет және спорт саласында қызмет етіп жүрген жастар. Елбасына және жастарға арналған Үндеу хатын толық нұсқасында бергенді жөн көрдік.   АСА ҚҰРМЕТТІ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ және ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҚ БЕТКЕ ҰСТАР ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ! Сіз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауыңызда 2019 жылды Жастар жылы деп атап көрсеткен едіңіз. Жастар жылының жариялануы еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға ниетті жастар үшін үлкен серпіліс сыйлады. Сіздің қатысуыңызбен ашылған Жастар жылы жүрегімізге жігер бітіріп, рухымызды аспандатты. Жастар жылы аясында ауқымды шаралардың жанынан табылып, бірегей бастамаларды жүзеге асыруға әзірміз. Жастар жылы еліміздегі жас буын өкілдерінің тұлға болып қалыптасуына, әр саладағы үздік саңлақтарды, өз ісінің білікті мамандарын  танытуға септігін тигізеді деп сенеміз. Жастар – қоғамның басты қозғаушы күші. Жастар – еліміздің болашағы. Еліміз егемендікке қол жеткізген тұстан бастап осы қағиданы берік ұстанды. Жастардың мемлекет дамуы мен өркендеуіндегі басымдылыққа ие орнын анықтай отырып, жастарды қолдаудың түрлі бағдарламалары қабылданды және өзінің жемісті нәтижесін берді деп айтуға толық негіз бар. Ондай мемлекеттік бағдарламалар қатарында жастардың озық елдердің тәжірибесі мен білімін игеруге күш жұмсаған «Болашақ» бағдарламасы және де «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға!» атты мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Бұл егемендіктің алғашқы күндерінен ақ жастар мәселесінің мемлекет назарынан тыс қалмағандығының басты дәлелі. 2019 жыл – осы тарихи сабақтастықтың заңды жалғасы ретінде «Жастар жылы» деп аталды. Сөзсіз Елбасының жастарға деген зор құрметі мен ыстық ықыласы тәуелсіздік жылдарында анық байқалып, іс жүзінде орындалғанына жас буын куәгер. Аталған бастама жастарға деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрсеткіші. Алар асуымыз, бағындырар белестеріміз және болашағымыздың баяндылығы үшін бағытталған мерейлі жыл жалынды жастардың қалыптасуына көп септігін тигізетініне сеніміміз мол! Аса мәртебелі, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің сарабдал саясатыңыз бен тәуелсіздік рухымен өскен жастардың еңбегі елімізді жаңа жетістіктерге жетелейтініне кәміл сенеміз!  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекеме ұйымдарының бір топ жастары:

Д. Н. Тілендиева – Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының қызметкері;

Д. Т. Белгібаев – Т.Жүргенов атындағы ҚазӨА оқытушысы;

А. Ж. Амаргазиева – «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері; Д. Т. Әлиақпар – «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-тың қызметкері;

А. А. Ғаббасова – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының қызметкері;

А. Б. Манапова – ҚР Мемлекеттік орталық музейінің қызметкері;

Н. Н. Жолдыбалинов – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері;

А. Жүсіпқызы – Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкері;

Б. Т. Ргызбаева – «Мемлекеттік академиялық би театры» РМҚК қызметкері;

А. Тоқтахметова – «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның қызметкері;

М. Әмірғалиев – «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің қызметкері;

Е. И. Сапарбаев – «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» РМҚК-ның қызметкері;

Э. М. Есполова – «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» Мемлекеттік музейі» РМҚК қызметкері;

Н. Н. Куспанова – «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» қызметкері;

А. Б. Бираяқов – «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің қызметкері;

К. Исмаилов – «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкері;

М. Құсайынова – «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері;

Ж. А. Көрпебаев – «Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі» РМҚК қызметкері;

Қ. Омаров – «Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» қызметкері;

А. Қалтай – «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкері;

А. М. Мұхтарханов – «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері;

Р. Кешубаева – «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері;

А. Сатубалдин – ҚР Ұлттық музейінің қызметкері;

Ж. Алпысбаева – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мемлекеттік қорық-музейінің қызметкері;

С. Ү. Абдрахманов – «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі қызметкері;

Ж. Шілдебаева – «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкері;

А. Жолдасов – «ҚР Ұлттық кітапханасы» қызметкері;

Ж. Т. Абиева – ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қызметкері;

А. Орынбаева – «Астана Балет» театрының қызметкері;

Б. Байболов – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері;

Е. Отарбаев – «Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қызметкері.

Толығырақ: https://aikyn.kz/2019/01/31/78816.html?sait=kk
 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер