Мұз үстіндегі мото жарыстан Әлем чемпионатының алматылық кезеңі өтуде

02/02/2019

     Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында мото жарыстан жекелей Әлем чемпионатының финалдық кезеңі өтуде. Әлем біріншілігінің алматылық кезеңіне бес елден 18 спортшы қатысуда.  Жарыстың алғашқы күні құрметті қонақтар қатарында Ресей федерациясының үкімет басшысы Дмитрий Медведев пен Қазақстан Республикасының премьер-министірі Бақытжан Сағынтаев қатысты.  Сонымен қатар мұз үстіндегі мото жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде ҚР спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сапиев, FIM спорт директоры  Жан Поль Гомбо және ҚР авто-мото спорт федерациясының президенті Нұртай Абыкаевтар спортшыларға сәттілік тіледі.   

     Мотоциклистер жарысының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша үздік үшіктен тек ресейлік спортшылар ғана көрінді. 1-орын Динар Валиев, 2-орын Данил Иванов, 3-орын Кхомитцевтерге бұйырды.

     Мұздағы галдиаторлардың ертеңгі сайысында ел спортшыларына жанкүйер болыңыздар.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер