ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

Министрліктің жаңалықтары 19/02/2019

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Министрлік басшыларының, комитет төрағаларының, департамент директорларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен ведомстволық жиналыс барысында мемлекеттік органның 2018 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2019 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланды. 

     Отырысты ашқан министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігі қызметінің негізгі бағыттары «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында белгіленгенін атап өтті.

     Министрлік Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті, оның негізгі мақсаты елдің спорттық өмірін жандандыру болып табылады.

Қазақстан ТМД елдері мен Балтық өңірі арасында Пхенчхан қаласында өткен XIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ең көп лицензия алды-57, Ресейден кейін екінші болды. Тамаша фристайлшы Юлия Галышева біздің құрама атынан Қазақстан үшін осы спорт түріндегі алғашқы олимпиадалық қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, шаңғы жарысынан бірінші рет алтын медальді паралимпиадашы Александр Колядин жеңіп алды.

     «Әрине, біз үлкен нәтижелер күттік, алайда біз жас спортшыларымызды басты назарда ұстаймыз - Пхенчханадағы ұлттық құраманың құрамы алдыңғы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда ең жас құрам болды. (ең жас Аяулым Амренова мен Жолдас Аян 16 жаста).

Егер салыстыратын болсақ, ең мықты қысқы спорт түрлері бойынша 30 елдің қатарына кіретін Австрия, Норвегия, Финляндия сияқты елдерге қарағанда Қазақстан жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша тұрақты нәтижелер көрсетіп отыр. Сондай-ақ, министр А. Мұхамедиұлы Индонезияның Джакартадағы Жазғы Азия ойындарында спортшыларымыз табысты өнер көрсеткенін атап өтті.

     Отырыс соңында 2019 жылғы жұмыс перспективалары анықталып, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер