Қазақстандық спортты дамыту мәселелері талқыланды

Министрліктің жаңалықтары 19/02/2019

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында қазақстандық спортты дамыту мәселелері талқыланды.

      Қазақстан ТМД елдері мен Балтық өңірі арасында Пхенчхан қаласында өткен XIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ең көп лицензия алды - 57, Ресейден кейін екінші болып. Тамаша фристайлшы Юлия Галышева атынан біздің құрама Қазақстан үшін осы спорт түріндегі алғашқы олимпиадалық қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, шаңғы жарысынан бірінші рет алтын медальді паралимпиадашы Александр Колядин жеңіп алды.

      «Әрине, біз үлкен нәтижелер күттік, бірақ біз жас спортшыларымызды ерекше назарда ұстаймыз - Пхенчханадағы ұлттық құраманың құрамы алдыңғы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда ең жас құрам болды. (ең жас Аяулым Амренова мен Жолдас Аян 16 жаста).

       Егер салыстыратын болсақ, ең мықты қысқы спорт түрлері бойынша 30 елдің қатарына кіретін Австрия, Норвегия, Финляндия сияқты елдерге қарағанда Қазақстан жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша тұрақты нәтижелер көрсетіп отыр», - деп атап өтті Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

       Сондай-ақ, министр А. Мұхамедиұлы Индонезияның Джакартадағы Жазғы Азия ойындарында спортшыларымыз табысты өнер көрсеткенін атап өтті.

76 медаль (15 алтын, 17 күміс, 44 қола) – бұл жалпы командалық есепте тоғызыншы орын, әрине, Қазақстан үшін бұл жоғары нәтиже емес.

        Сонымен қатар, объективті сәттер бар – 2017 жылдың соңында ауыр атлетикадан ұлттық команда бір жылға қатысудан шеттетілді. Сонымен бірге, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) төрешілер корпусында Қазақстаннан бірде-бір өкілі болған жоқ және бұл төрешілердің қорытындыларына сөзсіз әсер етеді. Сондай – ақ, мен атап өткендей, құрамы жас, алтынға қол жеткізген гимнастшылар Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова 16 жаста ғана, Адил Тлекенов 17 жаста. Биыл 22 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады, 2020 жылы-34 және 2021 жылы - 44. 2018 жылдың шілдесінде Мемлекет басшысының қатысуымен «Бурабай» халықаралық шаңғы кешені ашылды, мұнда 120 гектар алаңда шаңғы стадионы, жаттығу залдары бар жабық кешен, трамплиннен секіруге арналған құрылыстар, биатлон трассалары, медициналық-қалпына келтіру кешені және 200 орындық қонақ үй орналасқан.

          Сондай-ақ, қазақстандық және халықаралық командалар үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік беретін спортшылар мен әуесқойларды кешенді дайындау орталығы құрылды.

        «Бурабай» шаңғы кешені іске қосылған сәттен бастап мұнда жыл сайын FIS (Францияда Штаб-пәтері) шаңғы жарысынан халықаралық жарыстар, биатлон бойынша Азия чемпионаты, трамплиннен шаңғымен секіру бойынша құрлықтық кубок, әлемнің 10 елінен (Австрия, Германия, Норвегия, Чехия, Эстония және т.б.) спортшылар қатысып келеді.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер