Бибісара Асаубаева Әлем чемпионатынада еліміздің намысын қорғайды

26/02/2019

Наурыз айының 4 жұлдызында Астана қаласында жалауын көтеретін шахматтан Әлем чемпионатында Қазақстан құрама сапында Бибісара Асаубаева ел намысын қорғайды. Жас шахматшының қабілеті мен жоғары рейтінгін ескерген Қазақстан шахмат федерациясы осындай шешімге келді.

Сонымен командалық Әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасында Жансая Әбдумәлік, Динара Садуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева, Гульмира Даулетова, Мадина Давлетбаевалар (қосалқы ойыншы) өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек 2019 жылдың 7 ақпанында Қазақстан шахмат Федерациясына спортшының  менеджерінен ел құрамасына оралу туралы өтініш келіп түскен болатын. Ресей шахмат федерациясы да Бибісараның ауысуына келісім бергендерін растады.

Қазіргі таңда Бибісара Қазақстанның үздік шахматшы  қыздарының  рейтінгінде үшінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер