АСТАНАДА ШАХМАТТАН КОМАНДАЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

11/02/2019

Наурыз айында Астанада, әлемнің 14 елінің ең үздік құрамалары қатысатын классикалық шахматтан Командалық Әлем чемпионаты басталады. Ел тарихында мұндай іс-шара алғашқы рет өтеді.   

       

     Турнирде Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Мысыр,  Ресей,  Польша,  Ұлыбритания, Үндістан,  Украина, Грузия,  Венгрия, Армения елдерінен және Қазақстаннан 20 құрама ойнайды –   10 ерлер және 10 әйелдер командасы. Олардың арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасынан соң ең жоғары рейтингтерімен 6 команда, қабылдаушы федерациядан екі команда және де FIDE президентімен тағайындалған екі команда болады.  Командалық есепте Әлем чемпионы атағы – бөлек түрде, ерлер және әйелдер командаларына беріледі

 

     Байрақты бәсекде ел намысын  Жансая Әбдүмәлік, Динара Сәдуақасова,  Гүлісхан Нахбаева,  Гульмира Даулетова, Мадина Давлетбаева, Ринат Джумабаев, Муртас Кажгалеевпен, , Денис Махнев, Петр Костенко, Ануар Исмагамбетовтер қорғайды.

 

     «Турнир иелері болу және мықтылардың мықтыларымен күресу –  бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Ел сенімін ақтауға тырысамыз»- деді Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Ринат Джумабаев.

     Әлем чемпионаты айналмалы жүйе бойынша 9 раундта өтеді.  Жалпы турнирде 100-ден астам спортшылар, төрешілер және қонақтар қатысады.  Сондай-ақ,  бұл күндері Астанада FIDE халықаралық шахмат  федерациясының  Президенттік кеңесі өтеді.

 

     Сонымен қатар Президенттік кеңестің мүшелері ретінде Астанаға – сэр Нейджел Шорт – аңызға айналған ағылшын шахматшысы, Юдит Полгар – рапидте Карповты,  Каспаровты,  Ананданы және Карлсенді жеңіп шыға алған жалғыз әйел супергроссмейстері сияқты әлем шахматының жұлдыздары келеді. Сондай-ақ, гроссмейстерлер –  Фабиано Каруанның және Сергей Карякинның келуі күтілуде.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер