Ел құрамасы Универсиада ойындарының алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

04/03/2019

Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында Жанбота Алдабергенова ел қоржынына қола жүлде салды. Шаңғы акробатикасында сынға түскен отандасымыз 79,38 ұпаймен үшінші орын иегері атанды.

Бірніші орынды 100.29 ұпаймен Александра Рамановская (Беларуссия) жеңіп алса, күміс жүлдені 91.29 ұпай жинаған ресейлік Любовь Никитина иеленді.

Жанбота Алдабергенова- Әл-Фарби атындағы ҚазМУ-нің 4 курс студенті. Естеріңізге сала кетсек 2017 жылы елімізде өткен Универсиада ойындарында да Жанбота үшінші орынға табан тіреген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер