Абу-Дабиде (БАӘ) Бүкіләлемдік Арнайы жазғы Олимпиада ойындары өтеді

13/03/2019

14-21 наурыз аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында Шейх Мұхаммед бин әл-Нахаянның қамқорлығымен Дүниежүзілік жазғы Арнайы олимпиада өтеді. Олимпиада ойындарына 190 елден 7500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.

     Бүгін Мәдениет және спорт министірі Арыстанбек Мұхамедиұлы Спешиал Олимпикс командасымен кездесіп, спортшыларымызға сәттілік тіледі.

     Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 67 спортшы спорттың 15 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Олардың ішінде футбол, бадминтон, баскетбол, көркем гимнастика, боулинг, теннис, үстел теннисі, ролликтегі спорт, бочче, жеңіл атлетика, дзюдо, гольф, волейбол, пауэрлифтинг, жүзу секілді спорт түрлері бар.

     Ақыл-ойында кемшілігі бар адамдарға арналған Бүкіләлемдік Арнайы Олимпиада әр төрт жыл сайын өткізіледі.  Спорттық шараның бас ұйымдастырушылары Special Olympics International ұйымы. Тұңғыш рет Олимпиада  1968 жылы Чикаго қаласында дене тәрибиесі пәніңнің мұғалімі Анна Макглоун Бюркенің бастамасымен өткізілген.

     Естеріңізге сала кетсек 2015 жылы АҚШ-тың Лос Анджелс қаласында өткен Арнайы Олимпиада барысында , спортшыларымыз спорттың15 түрінен 28 алтын, 49 күміс, 48 қола жүлдені иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер