Элизабет Тұрсынбаева Әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

22/03/2019

    Жапонияның Сайтама қаласында өткен Әлем чемпионатында отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлдені жеңіп алды.

Тұрсынбаева ересектер чемпионатында төрттік сальхов орындаған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы. Оның өнерін төрешілер - 224.76 ұпаймен бағалады.

Сонымен қатар Элизабет Әлем чемпионатының тұғырына көтерілген тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде ел тарихында қалды.

     Спортты дамыту дирекциясы Элизабет Тұрсынбаеваны Әлем чемпионатындағы күміс жүлдесімен шын жүректен құттықтайды. Спортта бағындырар белесің мен алар асуың көп болғай!

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер