Динара Садуақасова «Forbes» журналының үздіктерінің қатарында

04/04/2019

 

Forbes журналы жыл сайын ғылым, әдебиет, өнер, спорт саласында түрлі жетістікке жеткен жастарды анықтайды. Биылғы жылы аталмыш басылымның Азиялық рейтингіне төрт қазақстандық  енді. Солардың бірі шаxматтан әлем чемпионы, xалықаралық дәрежедегі гроссмейстер, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы адал ниет елшісі , еліміздің мақтанышы-Динара Садуақасова.

     Үздіктер рейтингінің әлемнің ең бай адамдарының рейтингісінен айырмашылығы бұл жерде үміткерлердің тапқан табысы мен қалтасындағы қаражаттары есепке алынбайды. Басты талап- әлемге танымал инновациялық жобаларды ойлап тауып,  белгі бір саланың оң өзгерісіне үлес қосу.

     Аталмыш басылым мұндай үздіктер  рейтингісін 2018 жылы дайындаған. Басылымның бас редакторы Аскар Аукенов «Өткен жылы біз осы сәттің туғанын сездік. Үздік деп тануға лайықты ел жастарының барына көзіміз жетті. Қыркүйек айында алғаш рет 30 жасқа дейінгі жастар арасында жетістікке жеткен азаматтар тізімін жарияладық. Ол әп сәтте танымалдыққа ие болып үлгерді» - деп жазды өзінің фейсбук парақшасында.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер