Джиу-джитсудан ел құрамасы Әлем кубогінің 5 алтын жүлдесін жеңіп алды

12/04/2019

Сәуір айының 10-11 аралығында Тайландтың солтүстік астанасы Чайнг-Май қаласында джиу-джитсудан Әлем кубогі өтті. Студенттер арасындағы байрақты бәсекеде ел намысын бес спортшы қорғап, бесеуі де  алтыннан алқа тақты.

         Халықаралық джиу-джитсу федерациясы, FISU халықарлық федерациясының қолдауымен өткен жарыста спортшылар файтинг, неваза және дуо жүйелері бойынша сынға түсті.

Әлем кубогінде 62 кг салмақ дәрежесінде күрескен штаттық құрама команда спортшысы Дархан Нортаев жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды.

Неваза жүйесі бойынша төрт кездесу өткізген отандасымыз жартылай финалда Бірікккен араб әмірліктерінің балуанын тізе бүктіріп, финалдық кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын ұтты.

Аталған жүйе бойына 56 кг салмақта алғаш рет сына түскен Қуандық Қонысов та қарсыласын сабмишен (ауырту) әдісімен жеңіп, 1 - орын иегері атанды.

Сонымен қатар әйелдер арасында Галина Дувановаға тең келер ешкім болмады. 57 кг салмақта белдескен спортшымыз, қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді.

Файтинг жүйесіндегі белдесуде 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Дүйсенқұлов пен 62 келіде Жәнібек Әбу-Бәкір ел қоржынына екі алтынды салды.

Қазақстандық джитсерлердің шеберліктерін Халықарлық джиу-джитсу федерациясы да жоғары бағалады.

Әлем кубогінің джиу-джитсу спорт түрінің  Бүкіләлемдік универсиада ойындарына кіру үшін маңызы зор екенін айтып өткен жөн. Сондай-ақ қазіргі таңда джиу-джитсу Ассосациясы да джиу-джитсуды Қазақстан университеттік ойындары федерациясының құрамына кіргізу келісөздерін жүргізуде.  

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың маусым айының 19-23 аралығында  Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық Jiu-Jitsu Grand Prix турнирі өтеді. Жарысқа 3000 аса спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер