Елбасы-жастар тірегі

25/02/2019

     Егеменді ел болғаннан бері  мемлекеттік маңызы бар істердің бәрі  жас буынға сеніп табысталып келеді.  Елбасымыз ел болашағы –жастардың қолында деп ұдайы айтып отыр. Биылғы жылдың жастар жылы деп жариялануы да осы сөзіміздің айғағы. Біз осы мызғымас идеяның арқасында тәуелсіз мемлекетімізде білім алып, еңбек етудеміз.  Қазір елімізде  жас азаматтардың жан-жақты дамуы мен өзін -өзі жетілдіруіне барлық мүмкіндіктер жасалған. Бұған дәлелге  елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан  көптеген  бағдарламаларды айтуға болады. Атап айтар болсақ  жас буынның қазіргі заман талабына сай білім алу үшін «Болашақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы.  Сондай-ақ жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қолға алынған қаншама жаңа жобалар бар. Күні кеше ғана елбасы атап өткен «7-20-25» бағдарламасы жастардың қазіргі таңдағы ең өзекті мәселесінің бірі-баспаналы болудың түбегейлі түйінін шешпек. Осының барлығы жастарға жасалған жақсылық пен құрмет деп білеміз.

    Мәдениет және спорт министірілігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясының» жастары елбасының бұл бастамасына толыққанды қолдау білдіреді . «Ел ертеңі-жалынды жастар»- деп өзіңіңіз атап өткендей, біз жастар Қазақстанның болашағы ретінде егемен еліміздің  ертеңі үшін аянбай еңбек етеміз, сондай-ақ барша жас мамандар атынан бұл бастамаңызды қолдап, сізге әрқашанда сенім білдіреміз. 

 

 Тоқтахметова Айнагүл

 «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК -ның баспасөз хатшысы

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер