Есту қабілеті төмен спортшыларға арналған спорт түрлері федерациясымен бірлескен отырысы өтті

30/04/2019

Бүгін Спортты дамыту дирекциясында есту қабілеті төмен спортшыларға арналған спорт түрлері федерациясымен бірлескен отырысы өтті.

Жиынға Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерғалиев Самат Серікханұлы мен есту қабілеті төмен спортшыларға арналған шайбалы хоккей федерациясының президенті Андрей Дубовик, аға жаттықтырушы Талғат Алпысов және ҚР сурдолимпиадалық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Айгерім Қалиева мен бас жаттықтырушы Максим Рожков қатысты.

Жиналыс барысында XIX қысқы сурдолимпиада ойындары мен IX Азия-Тынық мұхиты ойындарына дайындық жұмыстары талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 1-11 қарашасында Гонконг қаласында IX Азия-Тынық мұхиты ойындары мен 12-21 желтоқсан аралығында Италияда XIX  қысқы сурдолимпиада ойындары өтеді.

Жиналыс қорытындысы бойынша байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын  спортшылар құрамасы жасақталып, дайындық жұмыстарының жоспары жасалды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер