Елордада бодибилдингтен бірінші Орта Азия чемпионаты өтеді

23/05/2019

       Нұр-Сұлтан - 23 мамыр күні сағат 11.00 де Сарыарқа велотрегінің мәжіліс залында бодибилдингтен  бірінші  Орта Азия чемпионатының баспасөз брифингі өтті. Брифингке ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы - Серік Сәпиев, бодибилдингтен ҚР федерациясының президенті- Александр Колюка, AFBF президенті - Очир Ганбаатар  және  IFBB Elite Pro атлет- Екатерина Павловская қатысты.

            Республикалық IFBB бодибилдинг федерациясының президенті Александр Колюка аталған спорт түрінің қазақстанда даму барысына, IFBB ұлттық федерациясының  еліміздің фитнес өнеркәсібндегі рөліне тоқталып өтті. Өз сөзінде федерация президенті - «Қазіргі таңда Фитнес және бодибилдинг қарқынды даму үстінде. Спорттың бұл түрі қарапайым адамдардың арасында да танымалдыққа ие болды. IFBB федерациясының басы міндеті бодибилдингтен жарыстарға қатысқысы келетін спортшыларды қолдап, спорт түрін әрі қарай дамыту. Осы тұрғысында Қазақстанда бодибилдинті дамыту мақсатында  IFBB ұлттық федерациясы Ұлттық Олимпиада комитеті мен қатар Спортты дамыту дирекциясымен бірлесіп белсенді жұмыстар жүргізуде »- деп атап өтті.

Азия континенттік федерациясының президенті Очир Ганбаатар  ел спортшыларының әлемдік ареналардағы жетістіктеріне тоқталды.

 «Біз Азияның 50 астам елінің ұлттық федерацияларымен жұмыс жасаймыз. Біздің басты мақсатымыз бодибилдингті өңірлерде спорт түрі ретінде дамыту. Осы жылы Орталық Азия елдерінде дамытуды қолға алып, жеке Халықаралық турнирлерді өткізуді қолға алып отырмыз.Осындай байрақты бәсекелер бодибилдинг спорт түрін дамытуға үлкен әсерін тигізіп, жаңа чемпиондарды көреміз деген ойдамыз.»

24-25 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында бодибилдингтен Орталық Азия чемпионаты өтеді.

Классикалық бодибилдинг, бодибилдинг, мэнс-физик, вумэнс-физик, фитнес, ересектер мен жасөспірімдер арасында бодифитнес және фитнес-бикини бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар Халықаралық дәрежедегі атақтармен марапатталып, PRO краталар табысталады.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер