Елордада Пара Пауэрлифтингтен тұңғыш Әлем чемпионаты өтеді

12/07/2019

Нұр-Сұлтан-  Бүгін EXPO конгресс-орталығында Пара Пауэрлифтингтен Әлем чемпионатынының баспсөз брифингі өтті. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министірі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев, Халықаралық Паралимпиада комитетінің вице-президенті Дуэйн Кейл және Қазақстан құрама командасының спортшысы Раушан Қойшыбаева мен Мысыр елінің спортшысы Шериф Осман  қатысты.

Ақтоты Рахметоллақызы брифинг барысында шет елдік қонақтарға қолдаулары үшін алғыс білдіріп, аталған чемпионаттың еліміз үшін маңыздылығын атап өтті. «Пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық имиджін қалыптастыруға оң әсерін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ пара спорт түрінің елімізде одан әрі дамуына, спортпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі жандар қатарының көбеюіне және спортшыладың шеберліктерін шыңдауына мүмкіндік туғызады.

Бүгінгі таңда әлемнің 110 елінің мүмкіндігі шектеулі спортшылары пара пауэрлифтингпен айналысады.

Соның ішінде елімізде 600 ден астам адам аталған спорт түрімен шұғылданады. Мемлекет тарапынан да пара спорт түрінің дамуына айрықша көңіл бөлініп отыр. 2018 жылы 4 шілде де Нұр-Сұлтан қаласында елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен еліміздегі тұңғыш Паралимпиадалық жаттығу орталығы ашылды. Орталық жазғы және қысқы паралимпиадалық  спорт түрлерінен спорттық резервтегі ұлттық құраманың сапалы әрі кәсіби дайындық жұмыстарына арналған. Біздің жұмыс мұнымен шектеліп қалмайды, алда атқарар жоспарлар өте көп.   Пара спорт түрлері елімізде қарқынды дамуы үшін, біз өз тарапымыздан қолдау көрсетіге қашанда әзірміз»-  деді министр сөзінде.

Өз кезегінде Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев пара спорттың Қазақстанда дамуымен қатар ел спортшыларының Халықарлық ареналардағы жетістіктеріне тоқталып өтті. «Соңғы жылдары пара спорт Қазақстанда қарқынды даму үстінде. Құрама қоржыныда 2016 жылы Риода өткен XV жазғы Паралимипиада ойындарының алтын жән күміс медальдары, 2018 жылы Пхенчанда өткен XII қысқы паралимпиада ойындарының алтын жүлдесі бар. Сонымен қатар 2018 жылы Джакартада өткен III Азия пара ойындарында ел спортшылары 33 медальға қол жеткізді. Қазақстан қысқы және жазғы паралимпиада ойындарында «алтын» жүлде иеленген санаулы мемлекеттер қатарында екенін атап өткен жөн.

«Біз спортшыларымызды және осындай байрақты бәсекені өз елімізде өткізіп жатқанымызды мақтан етеміз. Жарыс барлық спортшылар үшін сәті өтіп, жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын»-деді Қайрат Советайұлы.

Естеріңізге сала кетейік 2019 жылдың  12 сі мен 20 сы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында пара пауэрлифтингтен еліміздегі тұңғыш Әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш дода 2017 жылы Мехикода өткен чемпионаттан кейінгі  сегізінші болмақ. Сондай-ақ осы чемпионатта 2020 жылы Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына жолдамалр сарақа салынады.

Жарысқа Әлемнің 76 елінен 462  спортшы қатысады. Чемпиоонатқа келген ше елді делегация саны 693 адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер