Жауынгерлік өнер фестивалі жаңа «Jekpe-jek» спорт сарайында өтті

06/07/2019

Нұр-Сұлтан – 6 шілде. Елорданың туған күніне және Жастар жылына орай жаңа  «Jekpe-Jek» сарайында (Керей-Жәнібек хандар және Қабанбай батыр даңғ, қиылысы) Жауынгерлік өнер фестивалі ұйымдастырылды. 

Шараның ашылуына ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова барлық қонақтарды Жаңа сарайдың ашылуымен, сонымен қатар, жауынгерлік өнер фестивальмен құттықтады. 

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және өз атымнан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына қазақстандық спортқа үнемі қолдау білдіріп келгеніңізге алғыс білдіремін. Барлық спортсүйер қауымды осындай фестивальдің өтуімен, Спорт сарайының ашылуымен құттықтағым келеді. Сіздерге бүгінгі кештен ұмытылмас әсер тілеймін!»,-деді министр. 

Шараға GAISF (Global Association of international sports federations) Президенті Доктор Рафаэле Кьюлли келді. 

«Қазақстан үнемі қонақжайлығымен таңқалдырады. Сіз әрқашан өздеріңізді спортқа жақын екендіктеріңізді көрсетіп келесіздер. Осы орайда айта кеткім келеді, Қазақстан 2021 жылы Дүниежүзілік жауынгерлік ойындарын қабылдайды. Бұл спорттық мүмкіндікті көрсетуге берілген мықты мүмкіндік деп білемін. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстанның Жауынгерлік өнер Ассоциациясына спортқа көрсеткен қолдауларыңыз  үшін алғыс білдіремін.»,-деді ол.

Қазақстанның Жауынгерлік Өнер бас хатшысы Аманқұлов Фархат Әменұлы жоғары дәрежелі қонақтарға естелік сыйлықтар табыстады. 

 

Үш сағаттық кездесу барысында түрлі спорт түрі бойынша көрсетілімдер қойылды. Кәсіби кездесулер, тамешвари, музыкалық нөмірлері, жарық шоуы және тағы басқа қызықты дүниелер спорттық бағдарламаға енген. 

Естеріңізге сала кетейік, фестиваль 7 мамырда Шымкент қаласында басталған болатын. Әр демалыста мерекелік шара түрлі облыс пен қала тұрғындарын

қуантты. Спорттық шоу еліміздің барлық облысын қамтыды.  Спорттық мейрамды өткізуде әр өңір өздігімен ерекшеленді. 

Мәселен, Атыраудағы спорттық шараға келген адамдар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Эстрада жұлдыздары кештің көркін қыздырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні жауынгерлердің өнерін 10 мыңға жуық адам көрген. Өздерінің спорттық мүмкіндіктерін 300-ден астам каратэ, таэквондо, ММА, грэпплинг және басқа да жекпе-жек түрлерінің шеберлері байқатты. Кеш барысында аталған облыс Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы атынан фестивальді жоғары дәрежеде өткізгендері үшін арнайы естелік сыйлыққа ие болды. 

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының Жаңаөзен ауданы да дәл осындай марапатқа ие болды. Өңірлерге арнайы сыйлықты Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы бас хатшысы Аманқұлов Фархат табыстады.  

Фестивальді ұйымдастырушы – Қазақстанның Жауынгерлік Өнер фестивалі. Ұйым Президенті – Кәрім Масимов. 2018 жылдың желтоқсанында жаңа құрылым – «Қазақстанның ММА бойынша біріккен Ассоциациясы» ЗТБ. Оның құрамына Қазақстанның ММА аралас жекпе-жек Федерациясы, Панкратион, грэпплинг және аралас жекпе-жек Ұлттық Федерация және NOMAD MMA Федерациясы енді

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер