Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады

18/08/2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады.

«Еліміздің барлық азаматтарын Спорт күнімен құттықтаймын! Жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын! Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! Үкімет пен Парламент спорттың бұқаралық сипат алуына ықпал етуі тиіс!», – деп жазды Президент твиттер парақшасында.

1998 жылдан бастап, елімізде тамыз айының әр үшінші жексенбісі спорт күні ретінде аталып өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер