V Жазғы Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті

14/09/2019

14 қыркүйек. 2019 ж. Ақтөбе қаласындағы "Жекпе жек" сарайында V Жазғы Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті "Спортты дамыту дирекциясы" директорының орынбасары Алексей Крючков, Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрайымы Құралай Байменова, Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Республикалық орталық директоры Марат Қасқырбаев пен Ұлттық паралимпиада комитетінің маркетинг директоры Медет Байкен қатысты. 

Марат Тоғжанов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ойдағыдай өтетініне сенім білдірді. Алексей Михайлович өз сөзінде «Елімізде пара спорт қарқынды дамып келеді, оған дәлел біздің бірқатар спортшыларымыздың әлемдік ареналардағы жарқын жеңістері. Спортшыларымыз халықаралық және кешенді жарыстарды жоғары нәтижелер көрсетуде. Соның іншінде 2018 жылы өткен қысқы паралимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Калядин мен жүзуден паралимпиада ойындарының жүлдегері Зульфия Габидуллинаны мақтанышпен айтамыз» -деп атап өтті. Сондай-ақ,  Мәдениет және спорт министрлігі атынан Ақтөбе облысы әкімдігіне жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Салтанатты жиын барасында облыстық филармония өнерпаздары спортшылар мен қонақтарға өнерлерін ұсынды.

Паралимпиадалық ойындарда спорттың алты түрі бойынша  500 ге жуық медаль сарапқа салынады.

Қазақстанның  әр  өңірінен келген  800-ден астам спортшылар спорттың алты түрі: отырып ойнайтын волейбол, пара дзюдо, оқпен ату, жеңіл атлетика, үстел теннисі, пауэрлифтинг бойынша бақ сынайды.

Төрт жылды бір өтетін дүбірлі дода ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер