Спорт сыбайлас жемқорлыққа қарсы

01/10/2019

Бүгін «Спортты дамыту дирекиясының» кезекті жиыны ҚР-ның сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерімен өтті.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі департамент офицері Алмагүл Кенебаева,  Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бас сарапшысы Динара Абенова, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов қатысты.

Дирекцияның заң жөніндегі маманы Нұрхат Сыдықов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін алға тартып, және Спортты дамыту дирекциясы тарапынан да атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

«Бүгінгі күні сыбайлас құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу мақсатында, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан республикасының Заңын орындау үшін Дирекция бірқатар шаралар қабылдады.Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бекіткен 2019-2020 жылдарға арналған жоспарды орындау үшін Дирекция Сыбаййлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеп, бекітті.»

Шара барысында агенттік өкілдері сөз алып, қызметкерлер назарына сыбайлас жемқорлық фактілерінен тұратын арнайы бейне ролик ұсынды.

Агенттік мәліметтеріне сүйенсек, соңғы жылдары еліміздегі сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген сала мамандарының арасында әкімдік қызметкерлері көш бастап тұр. Ішкі істер департаменті мен Ұлттық компания қызметкерлері , сондай-ақ денсаулық сақтау мамандары да парамен жиі ұсталғандар қатарына кіреді.

     

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер