Ұлттық спорт түрлерінен ҚР-ның V Фестивалі жалауын көтерді

21/09/2019

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» сарайында Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының V Фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерінен басқарма басшысы Қарлығаш Әсетқызы, «Спортты дамыту дирекциясы» директорының орынбасары Еркеғали Дәулетханұлы және "Қазақ күресінен" Әлем және Азия чемпионы Бейбіт Ыстыбаев және Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов қатысты.

Шарада сөз алған өңір басшысы спортшыларды жігерлендіріп, алдағы жарысқа жеңіс тіледі.

Салтанатты ашылу рәсімі балуандардың белдесуімен жалғасты. Боз кілемге 55 және 60 кг салмақ бойынша Қазақ күресінен ақтық мәреге жеткен спортшылар алтын, күміс, қола медалді сарапқа салды.

Айта кетейік, Фестивальге еліміздің әр аймағынан 800 ге жуық спортшы қатысуда. Олар спорттың он екі түрі: Аламан бәйге, Бәйге, Құнан бәйге, Көкпар, Аударыспақ, Теңге ілу, Жамбы ату, Асық ату, Қазақ күресі, Құсбегілік, Тоғызқұмалақ, Жекпе-жектен бақ сынасады. Жарыс қыркүйектің 25 дейін жалғасады.

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер