Әлем Чемпионатына қатысатын қазақстандық каратэшілердің есімдері белгілі болды

30/10/2019

Киокушинкай каратэден өтетін Әлем Чемпионатында Қазақстан намысын 30 спортшы қорғайтын болады. Әлем Чемпионатын қабылдайтын мемлекет ретінде Қазақстан екі құраммен өнер көрсетеді – 30 спортшы.  Жарыс 15 салмақ дәрежесі бойынша өтеді (9-ер, 6 әйел).

Айта кетейік, іріктеу каратэ киокушиннің барлық бағыты бойынша Біріккен Қазақстан Республикасының чемпионаты қорытындысы негізінде өткізілді. Чемпионат нәтижесінде құрама командалардың бірінші және екінші нөмірлері іріктелінді. Чемпионаттан соң, спортшылар допинг бақылаудан өтіп, бекітілген жоспар бойынша дайындықтарын бастап кетті.

Естеріңізге салайық, Нұр-Сұлтан қаласы 7-8 желтоқсан күндері әйелдер мен ерлер арасында салмақ дәрежесі бойынша киокушинкай каратэден IV Әлем Чемпионатын қабылдайды. Чемпионатты Ұйымдастырушылар – Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы,   «Kyokushin World Union» Халықаралық Ассоциациясы. 2019 жыл барысында әлемнің 60-тан астам мемлекетінде ұлттық іріктеу турнирлері өтті, қорытындысында аталған Әлем Чемпионатына қатысатын ұлттық құрамалар құралады. Аталған Чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты деген каратэшілер қатыса алады. Олар өз мемлекеттерін – Жапония, Испания, Польша, Болгария, Бразилия, ОАР, Австралия, Ресей және т.б таныстырады. Барлығы Әлем Чемпионатына әлемнің 50 елінен 300-ден астам спортшы қатысады.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер