Баспасөз баяны

16/03/2018

Құрметті БАҚ өкілдері!

Сіздерді «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы »  РМҚК Қазақстан спорт делегациясын Пхенчханда өткен XII Қысқы Паралимпиада ойындарынан күтіп алу рәсіміне қатысуға шақырамыз.

Қазақстан Паралимпиада спорты тарихында алғаш рет ел намысын қорғаған спортшымыз Паралимпиада ойындарының алтын жүлдесін кеудесіне тақты. 14 наурыз күні 1.5 шақырымдық спринт жарысында отандасымыз Александр Колядин қарсыластарынан оқ бойы озып, алтын жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін Қазақстан құрамасының үздік нәтижесі осыдан 24 жыл бұрын 1994 жылғы Лиллехамердегі ойындарда тіркелген болатын. Сол жылы шаңғышы Любовь Воробьева 20 шақырымға жүгіруде мәреге 2-болып келген.

Қазақстан атынан қатысқан спортшылардың осы Ойындарда көрсеткен үздік нәтижелері төмендегідей:

Александр Колядин – (шаңғы – 1 орын)

Александр Герлиц – (шаңғы – 4 орын, биатлон – 6 орын)

Қайрат Қанафин – (шаңғы – 11 орын, биатлон – 14 орын)

Сергей Уссольцев – (шаңғы – 15 орын, биатлон – 11 орын)

Денис Петренко – (шаңғы – 12 орын)

Жаныл Балтабаева – (шаңғы – 17 орын)

  • Ескерту: 17-18 наурызда ел спортшыларының нәтижелері өзгреуі мүмкін

 

Спортшыларды күтіп алатын орын: Халықаралық әуежай, Астана қ

Күтіп алу күні: 19 наурыз

Уақыты: 21-35

 

Журналистерді тіркеу үшін толық мәлімет көрсетілген ақпаратты press.dshnk@gmail.com электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер