Спорттық биден Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті

05/11/2019

2- қарашада Румынияның Сибиу қаласында спорттық биден  Әлем чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеге 34 мемлекеттен 68 спортшы (34 жұп) қатысты. 14-15 жас аралығындағы жас жеткіншектер арасында ел намысын қорғаған Жиленков Максим мен Молочникова Арина жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды. Отандастарымыз  10 бидің қоссайысы бойынша үздік үштік қатарынан көрінді.

Айта кетейік бұл ел тарихында  спорттық биден  Әлемдік додадағы алғашқы  жүлде.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер