Армрестлингтен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 134 медаль жеңіп алды

05/11/2019

Румынияның Констанца қаласында армрестлингтен Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қорытынды кезең ересектер, ардагерлер, сондай-ақ есту қабілеті зақымданған спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті.

Жарыстың алғашқы күні жастар мен жасөспірімдер арасында ел құрамасы 32 алтын, 22 күміс, 19 қола жүлде иеленді. Жалпы командалық  есепте Ресей мен Грузияны артқа тастап бірінінші орынға шықты.

Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы бәсекеде де қазақстандық қол күрес шеберлері қарсыластарына дес бермеді.  Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында еліміз 8 алтын, 7 күміс, 11 қола жүлдені жеңіп алды. Ал, ардагерлер арасында отандастарымыз 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарыстың шешуші кезеңі ересектер арасында өтті. Спортшыларымыз ел қоржынына 8 алтын, 9 күміс, 11 қола медаль салып, ерлер құрамасы бірінші орыннан көрінді.

54 мемлекеттен 1400  спортшы қатысқан байрақты бәсекеде  ел намысын 146 спортшы қорғады.

41-ші  Әлем чемпионатының жалпы қорытындысы бойынша ел құрамасы  51 алтын, 40 күміс, 43 қола жүлдемен дүбірлі додада екінші орынға табан тіреді. Бірніші орынды Ресей Федерациясы иеленсе, үздік үштікті Грузия спортшылары қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер